Басты бет / Физика-техникалық / Теориялық және ядролық физика / Жәдігер Төрехан Әмірханұлы

Жәдігер Төрехан Әмірханұлы

Лауазымы: аға оқытушы
теориялық және ядролық физика кафедрасы
Жасырылған
       Мен, Жәдігер Төрехан Әмірханұлы, 2020-жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, физика- техникалық факультеті, Радиотехника, Электроника және Телекоммуникацияр мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры атандым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы – “Дененің түсін анықтау негізіндегі сұрыптау робот-манипуляторы”. 2022 жылы Телекоммуникация мамандығы бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің магистратура бағдарламасын сәтті аяқтадым. 2021-2022 жж академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Анхальт Университетінде (Кётен, Германия) Electrical engineering – Communication Sytems бағыты бойынша оқыдым. 2022-2025 жж Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің PHD докторанты болдым. Докторантура кезінде Люблин Университеті (Люблин, Польша) базасында, Пиотр Кисала зертханасында “CEFR композитті материалдардағы жарықтарды, сынуды Ge негізіндегі опто-талшықты FBG сенсорлары арқылы анықтау” – тақырыбы аясында ғылыми тағылымдамадан өттім. Негізгі ғылыми қызығушылықтарым – Радио-инженерия, опто- талшықты FBG сенсорлары, электроника, телекоммуникация, желілік технологиялалар және компьютер ғылымдары. Сонымен қатар, 2015 жылы В.И. Вернадский атындағы жалпыресейлік жасөспірімдер арасындағы оқуларда (Москва, Россия) «Блок управления робота Solarbot» ғылыми жұмысын таныстырған үшін I дәрежелі диплом иегері, Халық-аралық жасөспірімдер арасындағы «Expo science international» ақпараттық технологиялар көрмесінің қатысушысы, 2016 жылы академик Жолдасбеков Ө.А. атындағы стипендия иегері, 2019-2020 жж – Халықаралық Cisco-Stars олимпиадасының қатысушысы және 2020 жылы Жалпы евразиялық «Huawei Honor Cup» олимпиадасының финалисті болып табыламын. Ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және ақпараттық қауіпсіздік саласында 4 жыл еңбек өтілі бар.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2020
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0